Инфаркт болмау үшін не істеу керек?

Инфаркт және инсульт секілді қауіпті аурулардың алдын алу үшін үйде хал-жағдайыңызды бақылау маңызды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігерлер мына негізгі үш көрсеткішті уақытылы тексеріп тұруға кеңес береді.

Артериялық қысым

Артериялық қысым - денсаулық жағдайын көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі. Артериялық қысымды өлшеу үшін тонометр керек. Қалыпты артериялық қысым - 110/70-тен 130/85-ке дейінгі көрсеткіш. Бұдан жоғары көрсеткіш жоғары артериялық қысым болып саналады. Жоғары қысым қан тамырлардың бұзылуына, инфаркт, инсульт, атеросклероз секілді аурулар қаупін арттырады.

Қан қысымының жоғары екенін білдіретін белгілер:

  • Бас ауыруы;
  • Мұрыннан қан кету;
  • Жүрек қағысының бұзылуы;
  • Көздің көруі нашарласа;
  • Құлақтың шуылдауы;
  • Құсу, жүрек айну;
  • Шаршау;
  • Кеудеге ауырлық түсу;
  • Абыржу, көңіл-күйдің жоғалуы.

Холестерин

Холестерин немесе холестерол – бұл май тәрізді спирт, ол ағза жасушаларында болады және зат алмасуға қатысады. Оның артық болуы атеросклероз дамуымен қауіпті: бұл ауру миокарда инфарктіне әкеледі.

Холестериннің жоғары екенін көрсететін белгілер:

  • Бас ауыруы;
  • Аяқтың ауыруы;
  • Терідегі дақтар.

Бұл белгілерді байқаған бойда дәрігерге қаралу керек. Холестерин деңгейін қан анализін тапсыру арқылы білуге болады. Холестерині жоғары адамдар бұл проблема жайлы жылдар бойы білмеуі мүмкін. Сондықтан жүйелі түрде дәрігерге қаралып тұрған дұрыс.

Қандағы қант деңгейі

Қандағы қанттың жоғары деңгейі қан тамырларынын зақымдайды, бұл адам денсаулығына теріс әсер етеді: адам қант диабеті, инсульт, деменция, қан-жүрек ауруларына шалдығуы мүмкін. Оны үйде глюкометр арқылы тексеруге болады.

Қандағы жоғары қант деңгейінің белгілері:

  • Дәретке жиі бару;
  • Шөлдеу;
  • Аяқасты әлсіреу;
  • Қарын ашу;
  • Көрудің нашарлауы;
  • Невропатия.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!