Индонезияға баруды жоспарлап жүргендерге құлаққағыс: жаңа өзгерістер туралы не белгілі?

Индонезияға баруды жоспарлап жүргендерге құлаққағыс: жаңа өзгерістер туралы не белгілі?
Фото: depositphotos.com

Индонезия Сыртқы істер министрлігінің шешіміне сәйкес 2026 жылғы шілдеден бастап Қазақстан азаматтары Индонезия Республикасына 30 күнге дейін визасыз кіре алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Визасыз кіру режимін енгізу туралы шешім қабылдау кезінде Индонезия тарапы өзара түсіністік қағидатын басшылыққа алған. Бұған дейін Қазақстан Индонезия азаматтарына Қазақстанға визасыз кіру және ел аумағында 30 күнге дейін болу құқығын берген болатын. Осылайша, екі ел азаматтарына 30 күнге дейінгі мерзімге визасыз кіру және елде болу режимі қолданылады.

Индонезия тарапы белгілеген талаптарға сәйкес визасыз кіру тегін болады және бір рет кіруге мүмкіндік береді. Ел аумағында болудың рұқсат етілген ең ұзақ мерзімі - келген күннен бастап 30 күн. Бұл мерзімді ұзартуға болмайды.

"Азаматтарға Индонезияға кіру кезінде қолданылатын жалпы талаптарды ескерген жөн. 2025 жылғы 1 қазаннан бастап шетелден Индонезияға баратын барлық жолаушы All Indonesia бірыңғай электрон декларациясын толтыруға міндетті. Электрон декларацияны толтыру тегін және оны Индонезияға келгенге дейін алдын ала рәсімдеуге болады", - деді СІМ өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget