Иманбек “Құрмет“ орденімен марапатталды

Диджей әрі продюсер Иманбек Зейкенов "Құрмет" орденімен марапатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының жарлығымен Республика күніне орай түрлі саланы дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азамат марапатталған. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

"Олардың кейбірі марапат табысталар сәтте елімізден тыс жерде болғандықтан, наградаларын уақытында ала алмады. Бүгін осы құрметті наградаларды өз отандастарымызға табыстау мен үшін айрықша мәртебе болды", - деп жазды министр.

"Грэмми" жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов "Құрмет" орденімен марапатталған. 

Аида Балаеваның парақшасынан

Сонымен қатар, актер Еркебұлан Тоқтар "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!