Ұзатылып бара жатқан немересіне бата берген әже жұртты күлдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видео әлеуметтік желідегі парақшалада тарап кетті.
"Үлкенге үлгілі, кішіге сыйлы келін бол. Ата-енеңді сыйла. Үйден көрген тәрбиеңді іске асыр. Ибалы бол, ибалы бол дегенде сүмірейіп қалма. Батыл бол, биік тауға шыға бер. Үбірлі-шүбірлі бала-шағалы болып, бақытты өмір сүр. Жүзіңнен күлкі кетпесін, жаманшылық басыңа өтпесін. Аспаның ашық, жүрегің жарық болып, бақытты бол", - деп бата берді әже.
Желі қолданушылары әженің батасын қостады.
"Дұрыс айтты апам. Сыйла деп те, сүмірейіп қалма деп те айтты", "Дұрыс айтады әже. Ибалы келін дегенді айтқаныңа көніп, айдауыңа жүретін көнбіс, сүмір келін деп түсінетіндер көп қой", "Дұрыс, кішірейген, сыйлаған деген сүмірейіп жүру емес", "Өте дұрыс айтты, келін болдым екен деп көп қыз өздерін басып тастайды, қалай барсың, солай жүр , кішкене артық мінездеріңді жинастырып", - деп жазған олар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!