"Қазақ аруы" байқауының жеңімпазы Ақкербез Ысқаққызына сүйіктісі ғашықтар қаласы - Парижде ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол қуанышты сәтін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Миллион рет иә! Шексіз бақыттымын", - деп жазды Ақкербез Ысқаққызы.
Желі қолданушылары жұпқа жылы лебізін білдіріп жатыр: "Ғұмырларың аяулы, махаббаттарың баянды болсын", "Бақытты болыңдар", "Алла бақ берсін".
Айта кетейік, қазақ аруының таңдауы спортшы Әкежан Айтбековке түскен.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз