- Негізгі бет
- LifeStyle
- “Холестерин мен қысымды...
“Холестерин мен қысымды түсіреді“. Жүрегі ауыратындар жеу керек тәтті өнім аталды
Кез келген тәтті өнім зиян деген пікір бар. Алайда бұл олай емес. Диетолог Екатерина Бурляева пайдалы тәтті өнімді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Doctorpiter"-ге сілтеме жасап.
Маман өнімдерді тек пайдалы немесе зиян деп бөлуге келмейтінін ескертті: бұл жерде шаманы білу, адамның тұлғалық ерекшеліктері және қарсыкөрсетілім маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ дәрігерлер денсаулықты сақтау үшін мәзірге қосу керек тәттілер бар екенін айтады. Мысалы, кептірілген өрік.
Кептірілген өрік - жүрегі ауыратын адамдар үшін керемет өнім. Оның құрамында миокарданың жиырылушы қызметі үшін маңызды калий көп. 100 г өнімде калийдің тәуліктік нормасының 60-70% бар.
Кептірілген өрікте А дәрумені мен бета-каротин көп. Бұл антиоксиданттар ағзаны қорғайды және көруді жақсартады. Оған қоса, жаңа піскен өрікке қарағанда кептірілген өрікте бета-каротин мен А дәрумені 3 есе көп.
Сондай-ақ кептірілген өрікте кремний мен никотин қышқылы көп. Бұл қосылыстар жүйке жүйесі үшін маңызды.
Кептірілген өріктің тағы бір артықшылығы - құрамында тағамдық талшықтардың көп болуы. Олар асқазан-ішек жолыңыздың тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тағамдық талшықтар қандағы холестерин мен қант деңгейін түсіруге және қысымды дәрісіз қалыпқа келтіруге көмектеседі.
Алайда кептірілген өрік калориялы өнім: 100 г өнімде 250 калория бар. Сондықтан артық салмақтан арылғыңыз келсе, күніне 50-70 г кептірілген жемістен артық жемеген жөн.
Оқи отырыңыз: Адамда жасырын жүрек ұстамасы бар екенін көрсететін 5 белгі
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова