• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Холестерин деңгейін төмендететін өнім аталды

Холестерин деңгейін төмендететін өнім аталды
Фото: depositphotos.com

Бұршақты рационға бірнеше себеппен қосу керек. Бұл туралы гастроэнтеролог Людмила Сухорукова мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Ол бұл өнімнің қандай пайдасы барын айтты.

"Бұршақ метаболизмді тездетеді, холестерин деңгейін төмендетеді, майдың ыдырауына және салмақ тастауға көмектеседі", - деді дәрігер.

Гастроэнтерологтың сөзінше, бұршақта көптеген дәрумен мен микроэлемент, сондай-ақ, ет пен балықты алмастыра алатын майсыз ақуыз бар.

Сонымен қатар, бұршақта ішек жұмысына пайдалы көптеген талшық болады.

Сухорукова бұршақты түскі және кешкі асқа тұтынуға болатын өнім ретінде атады. Дәрігер мұны бұршақтың гликемиялық индексі төмен екеніне байланыстырды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget