Мемлекеттік білім университетінің медицина факультетінің оқытушысы, хирург Александр Умнов News.ru сайтына берген сұхбатында арақ жыныс мүшелері мен асқазан-ішек жолдарының қатерлі ісігінің қаупін арттыратынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Күшті алкоголь көптеген ішкі органдарда қатерлі ісік тудыруы мүмкін. Сондай-ақ дәрігер арақтың канцероген екенін еске салды.
"Ол патогенмен жиі байланысатын тін жасушаларында мутация тудырады. Асқазан, ұйқы безі, бауыр, өңеш және барлық асқазан-ішек жолдарының қатерлі ісігінің қаупі артады", - деп түсіндірді дәрігер.
Хирург гормоналды деңгейлердің өзгеруіне байланысты алкогольге тәуелді адамдарда жыныс мүшелерінің қатерлі ісігі жиі кездесетінін ескертті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!