Хирург асқазан-ішек қатерлі ісігін тудыратын өнімді атады

Хирург асқазан-ішек қатерлі ісігін тудыратын өнімді атады

Мемлекеттік білім университетінің медицина факультетінің оқытушысы, хирург Александр Умнов News.ru сайтына берген сұхбатында арақ жыныс мүшелері мен асқазан-ішек жолдарының қатерлі ісігінің қаупін арттыратынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Күшті алкоголь көптеген ішкі органдарда қатерлі ісік тудыруы мүмкін. Сондай-ақ дәрігер арақтың канцероген екенін еске салды.

"Ол патогенмен жиі байланысатын тін жасушаларында мутация тудырады. Асқазан, ұйқы безі, бауыр, өңеш және барлық асқазан-ішек жолдарының қатерлі ісігінің қаупі артады", - деп түсіндірді дәрігер.

Хирург гормоналды деңгейлердің өзгеруіне байланысты алкогольге тәуелді адамдарда жыныс мүшелерінің қатерлі ісігі жиі кездесетінін ескертті. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов
Logotype Massaget