- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Хайп жасаңдар". Ұланғасыр...
"Хайп жасаңдар". Ұланғасыр Қамиев соққыға жығылған видеосына қатысты пікір білдірді
Әнші Ұланғасыр Қамиев Желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол Instagram-Stories-те Алматыдан Арқалыққа тойға келгенін айтқан. Әнші жол ұзақ әрі интернет нашар болғанын, тек Арқалыққа жеткеннен кейін ғана Желінің шулап жатқанын білгенін айтты.
"Дос-жаран, туған-туыс, оқырмандар, бәрі сұрап, жазып жатыр: "Не болды, Қалың қалай?" - деп. Қалым жақсы, Аллаға шүкір. Ондай бір, видеодағыдай қатты ештеңе болған жоқ", - дейді әнші.
Әнші мұндайға еті үйреніп қалғанын, бәріне сене берудің керегі жоқ екенін айтқан.
"Ондай видеоларға сене беріп керегі жоқ. Ол жерде расы бар, өтірігі бар. Сондықтан, бәрі шүкір жақсы, көріп тұрғандарыңыздай. Аман болыңыздар, сау болыңыздар. Әсіресе, Желіде таратушы сайттардың иелері аман болыңыздар. Хайп жасаңдар. Жарайсың", - деп сөзін түйіндейді әнші.
Еске салайық, бұған дейін Желіде танымал әншінің тойда төбелесіп, соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарағаны хабарланған болатын. Видеода әншінің алдымен тойда ән айтып тұрғаны, кейін жартылай жалаңаш төбелесіп жатқаны, артынан соққыға жығылғаны көрсетілген. Бұл жағдайға қатысты Жетісу полиция департаменті өкілдері пікір білдірді.
Massaget.kz редакциясы оқиғаға қатысты пікір алу үшін Ұланғасыр Қамидің өкілдеріне де хабарласқан еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Шәріпхан