Танымал блогер Ырысбала Икрамбай тағы бір мұқтаж отбасына пәтер сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер көп ішінде теріс пікір жазатындарға үн қатқан.
"Ырысбала жеп қойды, Ырысбала ішіп қойды, Ырысбала халықтың ақшасына байып, талтаңдап қалды" деген шіріктер, өліп қалдыңдар ма, қайдасыңдар? Кеше түсте салып едім, біреу жазбадыңдар, ең құрығанда 1 нан алып барып берейін деген құлық танытпадыңдар. Өзің білме, білгеннің тілін алма деген қарғыстың ең ауыры екен. Өзіңнің қолыңнан келмейді, бірақ іс жасағанды күндеу, көре алмау - надандық. Егер мен жеп, ішіп халықтың қаражатына қол салатын болсам, Құдайдың өзі мені бұлай жүргізбесі анық-ау, маған халықтың ақшасы қажет болса, қорғаныстың ең жақсысы шабуыл деп әрқайсыңмен бір ұрысып, жылы жауып, қордағы қалған ақша демеуші едім. Бірнәрсені үлкен әріппен жаза кету керек, Алланың жаққан шамын ақымақ үрлеп өшіре алмайды. Ішіп-жеп асхана мен дәретхананың арасында өмір өткізгісі келмейтін, жаны жақсылыққа құмар көп жүректінің обалы сендерге, тырнақ астынан кір іздеушілер. Халықтың жинаған қаражаты бар, өзіміздің қолымызда бір-екі тиынымыз бар тірнектеп бұл отбасыны мына жерден алып кетемін. Мен сөздің емес істің адамы екенімді білесіздер, көп сөз - боқ сөз", - деп жазды ол.
Блогердің сөзінше, 88-баспанадан кейін халықтың жинаған қаржысынан қалған және өзінің қосқан ақшасына Өтеген батыр кентінен қолында мүмкіндігі шектеулі балалары бар анаға пәтер сыйлаған.
Еске салайық, бұған дейін Ырысбала Икрамбай ауыр дертке шалдыққан екі баланың әкесіне көмек көрсеткені хабарланды.
Тағы да оқи отырыңыздар: Кино тарихындағы ең қымбат фильм қандай?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!