- Негізгі бет
- LifeStyle
- Халықты мектепке емес,...
Халықты мектепке емес, неге қонақ үйге орналастырмайды - әнші Нұрболат Абдуллин су тасқыны жайлы
Әнші Нұрболат Абдуллин инстаграм-парақшасында еліміздегі су тасқынына байланысты жеке ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол үйі су астында қалған тұрғындар мектепке емес, қонақ үйге орналасуы керек деп санайды.
"Үйі су астында қалған ағайындар жаппай мектептерге орналастырылған. Неге қонақүйге емес? Апартаментке немесе демалыс орталықтарына орналастыруға болады ғой. Халық үйі салынып біткенше не істейді? Соны ойлаймын. Омыраудағы бала, ата-әжелерге сондай қиын. Табиғи апат қаупі бар болсын, жоқ болсын әр қала, ауданға эвакуация пункттері салынуы міндетті деп ойлаймын", - деп жазды әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова