- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Халықтан кешірім сұраймын"....
"Халықтан кешірім сұраймын". Әнші Гүлмира Ізбасқанова өзіне сырға салған жан туралы айтты
Фото:
Фотоскрин
Әнші Гүлмира Ізбасқанова әлеуметтік желіде тараған сырға салу видеосы туралы "Мархабат" бағдарламасында айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, сырғаны әпкесі сыйға берген.
"Халықтан кешірім сұраймын. Себебі халық сырға салғанына қуанды. Бәрі мені күтіп отыр екен ғой. Әпкем бұл сырғаны сыйлаған болатын. Мен әзілдеп, "кеттім ал, құтыла алмай жатыр едіңіздер ғой" деп жаза салдым. Сөйтсем, парақшалар бәріне таратып жіберген. Не істерімді білмедім. Міне, сәті келіп тұр. Кешірім сұраймын сіздерден. Ниеттеріңізге риза болдым. Сол орындалып кетсін", - деді әнші.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы