Халық әртісі атанғанымды көре алмағандар бар - Әлішер Кәрімов

Халық әртісі атанғанымды көре алмағандар бар - Әлішер Кәрімов
Фото: Видео кадры

Kezdesu-ге биыл "Халық әртісі" атанған Әлішер Кәрімов сұхбат берді. Әнші бұл атақты алатынын неліктен соңына дейін білмегенін, бұған өнердегі әріптестерінің реакциясы мен Халық әртісі атанған соң эстрадада өзіне деген қарым-қатынастың қалай өзгергенін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, ол аяғына дейін атақты алатынын білмеген. Марапатты алған соң бірден ата-анасына хабарласқан. 

Әнші "Халық әртісі" атағын алғаннан соң пікір екіге бөлінген. Тіпті кей әріптестері құттықтамаған. Ол бұған қатысты ойын білдірді. 

"Бәріне ұнау мүмкін емес. Сахна бір, әнші көп, әркімнің өз тыңдарманы бар. Мен хейт болатынын білдім, бірақ мән бермедім. Ал қалғандары басын ауыртып болды. Шынымды айтсам, қазір шақырған көп жерге бармаймын. Шоу-бизнесте достарым жоқ, болмаған да. Бірнеше рет куәгер болдым", - деді ол. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget