Грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2025 жылғы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 113 мыңға жуық өтініш қабылданған, бұл былтырмен салыстырғанда 9 мыңға көп.

Тізімді мына жақтан көруге болады.

Биыл білім беру гранттарының жалпы санының 60%-ы инженерлік және техникалық бағыттар бойынша бөлінген. Сондай-ақ, алғаш рет мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқан азаматтар үшін 2 010 білім беру гранты бөлінді.

Айта кетейік, жоғары оқу орындарына құжаттар 25 тамызға дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Барлық талапкерге грант жете ме? Еске салайық, бұған дейін дәл осы сұраққа Ғылым және жоғары білім министрлігі жауап берді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!