Геморройдың алдын алу жолдары: дәрігер кеңес берді

Проктолог әрі онколог Анастасия Витязева геморройдың алдын алудың қарапайым жолдарын атады. Маман бұл туралы "Mash на Мойке" басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің сөзінше, белсенді өмір салтын ұстанып, аптасына кемінде бірнеше рет спортпен шұғылдану геморройдың пайда болу қаупін азайтады.

"Жаяу жүру мен жүзу сияқты аэробты жаттығулар – геморройдың алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі", – деді проктолог.

Сондай-ақ, маман дұрыс тамақтанудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, күнделікті ас мәзірінде жасұныққа бай тағамдар жеткілікті болуы керек. Бұл іш қатудың алдын алуға көмектеседі.

Бұдан бөлек, дәрігер дәретханада ұзақ отырмауға және үлкен дәретке барғысы келгенде оны ұзақ уақыт ұстап жүрмеуге кеңес берді.

"Үлкен дәретке отырғыңыз келсе, шыдап жүрмеңіз. Дәретханаға дер кезінде барған дұрыс", – деп ескертті Витязева.

Маман геморройға тән қандай да бір мазасыздық тудыратын белгі байқалса, өз бетінше емделмей, дәрігерге қаралуға шақырды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!