Кей адамдар дәретханаға ұялы телефонсыз бармайды. Алайда, дәрігер Джозеф Салхаб бұл әдет денсаулыққа зиян тигізіп, ауыр салдарға әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, смартфон дәретханада отыру уақытын көбейтіп, көтеудің (геморрой) даму қаупін арттырады. Ауру асқынса, қанап, шыдатпай ауыруы мүмкін.
"Дәретханаға ұялы телефонсыз баруға немесе пайдалануды шектеуге тырысыңыз", - дейді Джозеф Салхаб.
Джозеф Салхаб дәретханаға смартфонсыз барып немесе жаныңызға қойып, дәрет жақсы шығу үшін аяқ астыңызға баспалдақ қоюға кеңес берді. Өйткені мұндай қалып нәжістің ішек жолдары арқылы өтуін жеңілдетеді. Сондай-ақ, ол дәретханада ұзақ отырмау үшін адамдарға көбірек жеміс пен көкөніс, жеткілікті мөлшерде су ішуді ұсынды.
Айта кетейік, бұған дейін дәретханаға неліктен смартфонмен кіруге болмайтынының тағы бірнеше себебі хабарланған болатын.
Микробтар мен вирустар
Дәретхана таза жер емес екенін білеміз. Унитаздың суын ағызған кезде оның ішіндегі микробтар мен вирустар оның сыртына шашырап, бүкіл бөлмеге тарайды. Сондықтан смартфонды дәретханаға мүлдем алып кірмеген жөн. Сіз қолыңызды сабынмен жуғанымен, бәрібір қолыңызға дәретханада болған смартфонды аласыз, оны содан соң дастарханның үстіне қоясыз және бетіңізге тақайсыз. Жалпы смартфонда микроб көп болатынын ұмытпаңыз, сол үшін оны жиі тазалап тұрған дұрыс.
Құрылғының бұзылуы
Қымбат гаджетіңізді унитаз суына түсіріп алуыңыз мүмкін. Сіз оны түсіріп алмаймын деп қанша сенімді болсаңыз да, статистика басқаша нәтиже көрсетеді: смартфонмен дәретханаға кіретін адамдардың әр бесіншісі құрылғысын суға түсіріп алады екен.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ұлттық қордан әр балаға қанша теңге аударылып тұрады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!