- Негізгі бет
- LifeStyle
- Гастроэнтеролог асқорытуды жақсартатын...
Гастроэнтеролог асқорытуды жақсартатын ең қарапайым әдетті айтты
Асқорыту асқазанда емес, сіз тамақты аузыңызға салған бойда басталады. Гастроэнтеролог Диляра Лебедева асқорытуды жақсартатын қарапайым әдістер жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, асқазан-ішек жолы жұмысын реттеудің ең қарапайым жолы – тамақты жақсылап шайнау. Тамақ ауыз қуысында қаншалықты жақсы шайналса, ол соншалықты жақсырақ сіңеді және асқорыту органдарына күш түсірмейді.
"Асқорыту шайнаудан басталады. Мамандар қатты тамақты 108 рет шайнауды ұсынады, бірақ меніңше, олай берілудің қажеті жоқ. Бірақ тамақ дәмін жоғалтқанша және сұйықтыққа айналғанша шайнауға тырысу керек", - дейді гастроэнтеролог.
Жақсылап шайнау қиын емес секілді, бірақ іс жүзінде көпшілік оған аса мән бермейді. Себебі бұл маңызды процеске кедергі келтіретін нәрселер бар:
- Теледидар немесе ұялы телефон қарау, кітап оқу. Сіз оларға алаңдап, тамақты дұрыс шайнамай, жұта бересіз;
- Жүріп келе жатып тамақ жеу. Сіз асығасыз, сондықтан дұрыс шайнамайсыз;
- Тамаққа дейін немесе тамақтану кезінде ашулану. Ас жақсы қорытылу үшін алдымен тынышталып алған жөн, содан соң ғана тамақтаныңыз;
- Тістердің болмауы немесе ыңғайсыз имплант. Әр тістің өз маңызы бар, сондықтан тіс жағдайына аса мән беріңіз;
- Бет бұлшықеттері, сүйектері және буындарының ауыруы.
Асқорытуды жақсартатын тағы 2 әдіс
Диляра Лебедева асқорытуды жақсартатын мына әдістерге де мән беруді ұсынды:
- Тамақ ішуге 15 минут қалған кезде бір стақан ыстық су ішіңіз. Су температурасы шамамен 50-55 градус болуы керек.
- Тамақтану кезінде теледидар немесе ұялы телефон қараудан бас тартыңыз. Тамақтану кезінде ми ақпаратты қабылдауға емес, асқазан-ішек жолына сөл бөлуге белгі беруі керек.
Оқи отырыңыз: Асқазан неге шұрылдайды?
А. Жапатова