Гастрит белгілерін азайту үшін дұрыс тамақтану өте маңызды. Бұл туралы гастроэнтеролог әрі диетолог Эльвира Белева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Эльвира Белева гастритпен ауыратын адамдарды бұрыш, басқа да дәмдеуіштер қосылған ащы тағамдардан бас тартуға шақырды, себебі бұл аурудың белгілерін күшейтеді. Маман пікірінше, асқазанның шырышты қабығы қабынуына ішімдік те әсер етеді.
"Құрамында кофеин бар кофе мен басқа да сусындар асқазан қышқылының секрециясын жоғарылатып, асқазан-ішек жолдары дұрыс жұмыс істемеуіне ықпал етуі мүмкін. Сонымен қатар, гастритпен ауыратын науқастарға майлы тағамдарды көп жеуге болмайды, қуырылған тағамдар мен кейбір сүт өнімдері ас қорыту процесін баяулатып, ауырлық пен ыңғайсыздық сезімін тудыруы мүмкін", - деді Белева.
Сөз аяғында ол газдалған сусындардан да бас тартуға кеңес берді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова