- Негізгі бет
- LifeStyle
- Ғалымдар бақытты адамдар...
Ғалымдар бақытты адамдар да ғана болатын әдеттерді атады
Гарвард университетінің ғалымдары шамамен 85 жылға созылған үлкен зерттеудің нәтижелерімен бөлісті. Оның басты мақсаты – бақытты адамдар өмір бойы қандай өмір салтын сақтайтынын анықтау.
Зерттеу бірнеше жұмыстан тұрады: ол 1939-1944 жылдар аралығында Гарвардты аяқтаған 268 адамды зерттеген. Зерттеуге қатысушылар жүйелі түрде анкета толтырып, өз денсаулығы жайлы мәліметтер береді.
Өмірінің соңғы кезеңінде барлық қатысушыларды екі топқа бөледі: бақытты және бақытсыз адамдар. Ғалымдар қартайған шақта өзін бақытты әрі сау сезінетін адамдардың 7 әдетін байқаған. Бұл жайлы СNВС жазды.
Зерттеу нәтижесі бойынша, мына күнделікті әдеттер бақытты және жақсы өмір сүруге әкеледі:
- Темекі тартпау;
- Ішімдікке салынбау;
- Салмақты қалыпта ұстау;
- Күнделікті жаттығу жасауға уақыт бөлу;
- Жаңа білімге ашық болу. "Өмір бойы білім мен жаңа тәжірибеге инвестиция жасаңыз", - дейді ғалымдар.
- Қиындықты шешудің адаптивті стилін ұстану. Бұл дегеніміз - жанжалдарды шешудің дұрыс әдістерін табу және қолдану.
- Тұрақты, ұзақмерзімді достық және махаббат қатынасын сақтау.
"Жабырқаңқы және ауру болып емес, бақытты әрі сау қартаюға болады. Біз өзіміздің салмағымызды, физикалық белсенділікті, білім алуды және темекі мен алкогольді бақылай аламыз", - деді Джордж Э. Вайллант.
А. Жапатова