- Негізгі бет
- LifeStyle
- “Фотошоппен жеке куәлігімді...
“Фотошоппен жеке куәлігімді жасап алған“. Дәулет Мұқаев алаяқтар туралы айтты
Алаяқтар мәжіліс депутаты, блогер Дәулет Мұқаевтың жеке куәлігін қолдан жасап, адамдарға хат жазған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, халықты алаяқтардан сақ болуға шақырды.
"Біздің елімізде экономикаға қарағанда санасыздық пен алаяқтық өсіп жатыр. Алаяқтар фотошоппен жеке куәлігімді жасап алып, елдерге хат жіберіп жатыр екен. Жеке куәлікке фотоға бұлай түспейміз ғой! Алданбаңыздар! Мен ештеңе ойнатып жатқан жоқпын", - деп жазды ол.
Әлеуметтік желіде депутаттың атын жамылып, парақша ашып, ақша ойнататындар пайда болғаны анықталды. Олар "жүз пайыз кепілдік беремін, сенбесеңіз, жеке куәлігімнің суретін жіберемін" деп жазба жариялаған.
Алайда депутат жалған куәлікті көрсетіп, алаяқтар жіберетін хабарламаның орфографиялық қатесін сақтап алып жариялады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева