Фейк ақпарат таратқандар қанша жылға дейін бас бостандығынан айырылады?

Фейк ақпарат таратқандар қанша жылға дейін бас бостандығынан айырылады?
Фото: depositphotos.com

ІІМ кейінгі кезде әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және басқа да онлайн платформаларда әдейі жалған ақпарат тарату жиілеп кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, фейк тарату - қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын әрекет. Жалған ақпарат таратқаны үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Тек жарты жылдың ішінде жалған ақпарат жариялау бойынша 47 қылмыстық іс тіркелген.

"Азаматтарды заң талаптарын сақтауға және ақпарат таратуда мұқият болуға шақырамыз. Әрбір хабарлама шынайы болуы, араздыққа шақырмауы және қоғамдық тәртіпті бұзбауы қажет", – деді ведомство өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget