- Негізгі бет
- Езутартар
- Еркек болған жақсы......
Еркек болған жақсы...
Телефондағы әңгімең 30 секундтан ұзаққа созылмайды;
Ауылға барып қайту үшін бір чемодан жеткілікті;
Теледидардағы арналарды 5 секундтан артық қарамай, жыпылдата бересің;
Үнемі керек-жарақтар салынған сөмке ұстап жүрмейсің;
Біреу-міреу сын айтып жатса, оған еш шу шығармайсың;
Гараж бен теледидар пульті – сенікі және тек қана сенікі;
Егер сені біреу бір жерге шақыруға ұмытып кетсе, бәрібір де дос болып қала бересің;
Ешбір адам сені жылата алмайды;
Әр түн сайын жұмсақ аюды құшақтап ұйықтамайсың;
Жасың 34-те болсын-болмасын, ешкім оған мән бермейді;
Табиғи түр-реңмен жүресің;
Бүкіл қиындықтар гүлмен-ақ шешіліп жатады;
Бір жылға үш-ақ аяқ-киім жетпек;
Ыстықтап кеткен жағдайда теркөйлекті (майка) шеше аласың;
Күні бойы досыңмен бірге отырып, алаңсыз футбол көресің;
Досыңның үйіне сыйлық-мыйлықсыз-ақ кіріп-шыға аласың.
сурет:vk.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига