"Президент ақшамның жартысын ұрлап алған"

Бала кезіңізде хат жазушы ма едіңіз? Ең қызық деп танитыныңыз бар ма?

Алты жасар Хельга Хилтунен есімді фин қызы Рождество қарсаңында Құдайға хат жазыпты. Хатында 100 марка сыйға таруын сұраған екен. Финляндияда мекенжайы қате көрсетілген хатты ашу құқығы тек ел президентіне берілген. Сөйтіп, "Құдай мырзаға" деп жазылған хат сол кезде ел тізгінін ұстап отырған президент Урхо Калева Кекконенге (1958-1982 жж. басқарған) жеткен. 

Кекконен қыздың өтінішін орындауды жөн санап, алайда "мұндай жастағы балаға жартысы да жетеді" деп 50 марка сыйламақ болыпты. Ол Хельгаға ақшаны өз көлігімен барып, табыстауды құп көреді.

Кейін канцелярияға Хельгадан тағы хат келіпті. Хатта президенттің көлігіне бүкіл көше қарап тұрғанын жазыпты. Сонымен қатар, Құдайдан ендігәрі ақшаны президент арқылы беріп жібермеуін сұрапты, себебі "тілеген сомамның жартысын президент ұрлап алды" деген екен.

"Бала тілі – бал" деген...

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақтың байырғы баспана атаулары
Қазақтың байырғы баспана атаулары
Нұр-Сұлтанда жасанды сана рентген суретіне қарап диагноз қояды
Нұр-Сұлтанда жасанды сана рентген суретіне қарап диагноз қояды
Фейк: Тұзды ерітінді мен жусан коронавирустан қорғамайды
Фейк: Тұзды ерітінді мен жусан коронавирустан қорғамайды
Фэнтези жанрындағы үздік 100 кітап
Фэнтези жанрындағы үздік 100 кітап
Chevrolet кроссоверлері туралы не білесіз?
Chevrolet кроссоверлері туралы не білесіз?
Бэнкси картинасы 8 минут ішінде $10 миллионға сатылды
Бэнкси картинасы 8 минут ішінде $10 миллионға сатылды