"Өнер қырандары" АҚШ-тың қос президентін қонаққа шақырды

"Өнер қырандары" АҚШ-тың қос президентін қонаққа шақырды
Фото: El.kz

Өздерінің керемет ойындарымен және актерлік шеберліктерімен танымал болған "Өнер қырандары" жақында жаңа концерттерін өткізді. Аталған кеште жаһандағы соңғы жаңалықтар мен күлкілі оқиғаларды жұртшылық назарына қойылым ретінде сахналап берді. Соның бірі АҚШ-тың қос президенті Барак Обама мен Дональд Трамптың жүздесуі болды. Бірі таққа келіп, енді бірі құтты орнымен қош айтысқан қос мықтының кездесуі мен қазақ халқына деген ыстық сәлемі көрермен қауымға үлкен қуаныш сыйлады. Сонымен қатар, бұл қойылымда Шешенстан президенті Рамзан Қадіров пен Белоруссия басшысы Александр Лукашенко да өз өнерлерін көрсетті. 

B. ZHAQSYMBET