Тұрсынбек Қабатов ауылдағы көршілерін әзілге арқау етті

Тұрсынбек Қабатов ауылдағы көршілерін әзілге арқау етті
Фото: kazkino.kz

"Алыстағы ағайыннан, қасыңдағы көршің артық" дегендей, тағдыр қосқан көршілерімен тату-тәтті тұрып жатқан жұртшылық бір-бірінің түрлі қызықтарына тойған емес. Керек затын ортақтасып, көмек керек болса асар жасасатын алтын көршілер әрбір қазақтың үйі жанына шоғырланғаны анық. Сол көршілердің сіз байқамайтын қаншама қызықтары бар. Өзге біреулер сіздің де сыртыңыздан айтып жүрген қызықтар жетерлік. Көбіне көршінің жақындығын ауылдық жердің тұрғындары жақсы түсінеді. Сол ауылдағы оқиғаның бірін Тұрсынбек Қабатов Жанболат пен Жазираны көрген кезде есіне түсірген екен. Орыс пен қазақтың айтқан әңгімелері мен үйіндегі заттарына қалай қарайтынын салыстыра сөйлеген әртістің "Ауылдағы көршім" атты монологын тамашалаңыздар. 

B. ZHAQSYMBET