"Мақта қыз" ертегісі "Шымкент Шоу" әртістері көзімен

"Мақта қыз" ертегісі "Шымкент Шоу" әртістері көзімен
Фото: youtube.com

Мектеп табалдырығын аттаған әрбір бала "Мақта қыз" ертегісінен хабардар. Кейбір оқушылар тіпті оны сахналық қойылым ретінде де көрсетеді. Балалық шақтың бал кездерін "Шымкент шоу" әртістері де қалт жібермеген екен. Қазақтың керемет ертегісін сахналамақ оймен оқушылардан ақша жинаған сынып жетекші, алдымен директормен кеңесуді ұмытқан екен.  Уақыт таяп, көптен күткен спектакльді алдын ала бір рет көруге келген мектеп басшысы жөні түзу қойылым көре алмайды. Есесіне мақта қыз балаларды жемқорлыққа үйретеді деп дабыра қылып, "Шрек" пен "Золушканы" шақыруға бел буады. Әзіл шыны аралас керемет көріністі жіберіп алмаңыз. Өйткені қойылымды көргенде сіздің де есіңізге түсер біраз қызық бар.

B. ZHAQSYMBET