Жұмыс туралы әзілдер

Жұмыс туралы әзілдер
Фото: colady.ru

Дүйсенбі бастала салысымен жұма күнге тез жетуді армандайтын адамдар бар. Керісінше, мерзімдік демалысқа шыға салысымен, жұмысын аңсайтын жандар да жетеді. Бәрібір жұмыссыз сенделіп бос жүргендерге қарағанда, мұрныңнан шаншылып жатсаң да, түк бос уақыт болмай, жұмыс жасап жүргенге ештеңе жетпейді. Ал төмендегі әзіл-қалжыңды жұмысы бар адамдар жақсы түсінеді.

Демалыс күндерін жақсы көремін. Себебі, жұмысқа келер жолда көлік кептелісі болмай, тез жетемін.

Қызық жыл мезгілі келді: таңертең – түн, кеш – түн... Ал күндіз мен жұмыста боламын!

Ұйықтауға қорқамын! Оянған соң қайтадан жұмысқа бару қажет.

Бастық кезекті демалысқа шығып кетсе, барлық ұжым демалады.

Алло, бұл жеміс-жидекті тегін жеткізу орталығы ма? Мені жұмысқа жеткізіп тастаңызшы, өтінемін!

Маманның жалақысы 10 мың теңге болса, жұмыста не істеуі керек? Ештеңе істемеуі керек, кейде өзгелердің жүйкесінде ойнауына  болады.

Біздің елімізде мынадай жағдай да болып тұрады: жұмыста отырасың да, ақша табатын жер қайда бар екен деп ойлайсың.

«Ересек адам болғаным қандай жақсы болды, енді мектепке бару үшін сағат 7-де оянбаймын» деймін мен сағат 6-да жұмысқа жиналып жатып.

Жұмыстан кейін не істеймін? Үйге келем де аяқталмаған жұмыстарымды жалғастырамын, тек киімім әдемі болмайды.

Кей жұмыс аңқыған кофе иісімен басталып, көз іші қызаруымен аяқталады.

Жұмысқа барғым келмеді. Бірақ қанағатсыздығым жалқаулығымды жеңді.

Жұмыста күн сайын нарколог пен психиатр тексеруінен өтеміз. Дені сау адам осындай аз жалақы беретін жұмыста қалай істейді деп күмәнданатын болар.

@. @assel_assanova