- Негізгі бет
- Езутартар
- Бұл сөздерден кейін...
Бұл сөздерден кейін кешіккен адамды жазғырмайды
Жұмысқа кешігу – бір қалыптасса, қалмайтын жаман әдет. Ал кешіккен сайын түсініктеме жаза беру одан да жаман. Түсініктемені «Кешіріңіз, енді қайталанбайды» деп бір сарынды жаза бергенге қарағанда, шынайы себебін жазсаңыз, кешірімді болады. Оны басқалар қалай жазды екен?
Жұмысқа жарты сағатқа кешігіп келдім. Себебі сағат онға дейін, сірә, ештеңе істемейміз. Таңертең шай ішеміз, ал шай менсіз де ішіледі.
Мен жұмысқа кешігіп келдім, себебі сіз де бірнеше айдан бері жалақыны уақытында бермей келесіз. Осылай жалғаса беретін болса, тіпті жұмыстан шығып кетемін!
Мен жұмысқа жаңадан орналастым, сіздің фирмаңызда жұмыс істеп жүргеніме екінші күн. Бүгін дүйсенбі болғандықтан, демалыстан кейінгі ауыр күн болды. Метроға отырдым да, өзімнің бұрынғы жұмысыма тартып кетіппін. Бұрынғы директорымның таң қалған түрін көргеннен кейін ғана басқа жерге келгенімді түсіндім.
Бүгін аптаның жұма күні екен, мен жұмысқа бес сағат кешігіп келдім, себебі сенбі деп ойлап қалдым.
Мен таңертең ерте тұрдым. Жуыну бөлмесіне тісімді жууға кірдім. Кенеттен тіс пастасын көп шығарып алдым, оны қайта орнына құям деп тұрғанда уақыттың қалай өтіп кеткенін білмей қалдым. Келесіде тіске арналған ұнтақ қолдануға уәде беремін.
Мен жұмысқа кешігіп келдім. Ол менің 1995 жылдан бері жындармен араласатын психикалық ауытқуымның себебінен орын алды.
Жұмысқа кешігуіме жұбайым кінәлі. Оятқышым таңертең беймезгіл уақытта шырылдады. Келіншегім менің оятқышымның дауысын жек көреді, алды да басыма лақтырды. Бір сағат бойы есімді жинай алмадым.
Не болатынын көрейін деп әдейі кешіктім.
Таңертең ерте ояндым, таңғы ас іштім, бояндым, шықтым, көлікке отырдым, кеңсеге дер кезінде келдім, 4 сағат бойы жұмыс істедім, оянсам, түсім екен.
@. @assel_assanova