Көңілге қонымды әзіл-қалжыңдар

Көңілге қонымды әзіл-қалжыңдар

Қожанасыр такси жүргізушісіне жол ақысын төлеуді ұмытып кетеді. Сонда жүргізуші:
- Жол ақысын төлеуді ұмытып барасыз? - дейді. 
- Қанша?
- 400 теңге. Қожанасыр қалтасынан 200 теңге алып жүргізушіге ұстатады. Жүргізуші түсінбей:
- Мынауыңыз не? Қызықсыз. Санау білесіз бе? 400 теңге төлеу керек.
Ал Қожанасыр болса:
- Қайта сіз қызықсыз. Бірге келдік пе, бірге төлеуміз керек, - деген екен. 

¤¤¤

- Финляндияда жылдамдықты арттырған адам айыппұл ретінде жалақысының 10 пайызын төлейді. Тіпті онда олигархтардың өзі жай жүреді.
- Қойыңызшы, мен ол жақта неше түрлі шумахерлерді көрдім ғой?
- Ә..., олар жұмыссыз жүргендер ғой.

¤¤¤

- Профессор, мен бұл семестрді нашар оқыдым және емтиханды сәтті тапсыра алмайтын сияқтымын.
- Кел 5000 теңгеге бәстесейік. Осыдан қара, емтиханнан өтесің.

¤¤¤

Ерлі-зайыпты бір-бірімен сөзге келіспей ренжісіп қалады. Біраз уақыттан соң әйелі татуласуды жөн көреді. Әйелі:
- Мейлі енді, ренжімеші, біз екеуміз де кінәліміз. Сәл кідіріп:

- Әсіресе, сен! - деген екен.    

Оқи отырыңыз: 

Қызықты әзіл-қалжыңдар

Оқушылар туралы әзілдер

Жүзіңнен күлкі кетпесін!

Өмірде болған қызықты оқиғалар

Сурет: nevseoboi.com.ua

Н. Нұрмаханұлы