Мүлкің жоғалса да, күлкің жоғалмасын

Мүлкің жоғалса да, күлкің жоғалмасын

- Әйеліңіз күні бойы сізбен ұрcыса ма, керісе ме, әйтеуір, ию-қию, ауыз жаппайды, қайтып қана шыдап жүрсіз бұған?
- Бұнысы шүкірлік. Қорлықтың көкесі – көңілді болып, күні бойы тынбай ән салғанында ғой...
 
Төбет күшігін шақырып алып:
- Мектепке сабаққа жақсы дайындаласыңдар ма? – деп сұрайды.
- Әрине, жақсы дайындаламыз.
- Оқуды үйрендің бе?
- Жоқ.
- Санауды ше?
- Жоқ.
- Түбің түскір–ау, мектепте не үйретеді?
- Біз шет тілін үйреніп жүрміз?
-Жақсы екен. Шет тілінде бірдеңе айта қойшы?
- Мияу –у!
 
- Неден қорықтыңыз? Егер ит үрсе, оның ешқашан қаппайтынын білмеуші ме едіңіз?
- Мен білем ғой. Бірақ оны ит біле ме екен?

Қоян бір бөтелке арақ әкеліп, тығынын ашып жатып иісіне мас болып, құлап түседі. Түлкі келіп, бір ұрттап құлайды. Аю келіп, 2-3 ұрттап құлайды. Арыстан келіп, қалғанын ішіп алып, ол да құлайды. Сосын қоян тұрып жатып:                                               

- Бір бөтелкені жалғыз бітіргенім есімде, бірақ бұларды қалай сұлатқаным есімде қалмапты,- депті.

Жаңа автокөлік сатып алған бір мақтаншақ көшеде ары-бері ызғытып жүріпті де, жол жиегіндегі бағананы сүзіп қалып, ес-түсінен айырылып, ауруханаға апарылады. Онда екі апта емделіп, үйіне оралыпты. Көршілерінің бірі көңілін сұрай келеді: 
- Ия, қалайсың? Дәрігерлер не деді?
- Дәрігерлер: "Миың жоқ екен, әйтпесе қатты шайқалатын еді", - деді. 

Оқи отырыңыз:  

Көңілдің кілті – күлкіде

Қызықты әзіл-қалжыңдар топтамасы

Өмірде болған қызықты оқиғалар

Жұлдыздардың «біртүрлі» есімді балалары

Сурет: www.look.com.ua

Н. Нұрмаханұлы