Қызықты әзіл-қалжыңдар топтамасы

Қызықты әзіл-қалжыңдар топтамасы

Екі түйе шөл далада жүріп келеді. Бір күн өтеді. Екі күн, үш күн, бір апта, бір ай. Осы уақыт бойы екі түйе шөл далада болады. Сонда біреуі:
– Білесің бе? Біз туралы жұрт не ойласа да, мен бәрібір су ішкім келіп тұр, – деген екен.
 
Мұғалім:
- Үсен-ау сабаққа неге кешіктің?
- Сіз өзіңіз оқуға ешқашан кеш емес деп айттыңыз ғой.
 
Екі бала көшеде ойнап жүріп кездейсоқ 10000 теңге тауып алады. Қайсымыз алсақ та бөліспейміз деп дауласып-дауласып, ақыры кім өтірікті келістіріп айтатын болса, соған беретін болып шешеді. Сол екі арада олардың жанынан басшылықтан үміткер бір кісі өтіп бара жатады. Екі бала оған істің мән-жайын түсіндіріп, өздеріне төреші болуды сұрайды.
– Мыналарың сұмдық екен! – деп ол кісі ашу шақырады. Бесіктен белі шықпай жатып өтірікке үйір болғаны несі? Басқа амал таппадыңдар ма? Өз басым осы уақытқа дейін әлі бірде-бір рет өтірік, жалған сөйлеп көрген емеспін! Сонда балалар болашақ  бастыққа 10000 теңгені ұстатып:
– Өтіріктің көкесін сіз айттыңыз-ау, ақша сіздікі – деген екен.

Оқи отырыңыз: 

Көңілдің кілті – күлкіде

Жүзіңнен күлкі кетпесін!

Күлкінің қызығына батқыңыз келсе

Жылқылар арасында жарыс ұйымдастырылды

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: misia531.pinger.pl

Н. Нұрмаханұлы