- Негізгі бет
- Езутартар
- Әзіл әлемі...
Әзіл әлемі
Мұғалім:
-Дәуренжан-ау, сен неге дәл қасыңдағы Гүлназдың қатесіндей қате жібергенсің?
Оқушы:
-Енді екеумізді де өзіңіз оқытып жүрсіз ғой!
Сұр бойдақтан:
-Неге үйленбей жүрсің?
-Танысқан қыздарымның бәрін шешеме көрсеттім, бірақ бірде-бірін жақтырмайды!
-Сен әдейі шешеңе қатты ұқсайтынын таңдап көрмедің бе?
-Көрдім ғой! Аяқ астынан әкемнің шатақ шығармасы бар ма?..
Енесі күйеу баласына өткені жайлы әңгімелеп отыр:
-Жас кезімде ақымақ, аңқау, түк те әдемі емес едім!
Күйеу баласы:
-Мама, сіз тамаша сақталыпсыз!
Қожанасыр есегін жетектеп келе жатса, есектің аяғы тайып, биік құздан құлап кетіпті.
Шыңыраудың түбіне дейін ұшып барып, быт-шыты шыққан есегіне қарап тұрып Қожа:
-Қап әттеген-ай, біздің есек ұшуын жақсы-ақ ұшады екен, бірақ қонуды үйренбепті,-депті.
Бір кісі Қожанасырға келіп:
-Қожеке, есегіңізді бере тұрыңызшы, бір жерге барып келейін, - дейді. Қожекең бергісі келмей, «есек өрісте» , - дейді.
Әлгі кісі кейін қайырылып есіктен шыға бергенде, есек ақырады. Сонда әлгі кісі тоқтап, «Есектің даусы шықты ғой», - дейді.
Сондай Қожекең тұрып:
-Сен өзі маған сенесің бе, әлде хайуанға сенесің бе? – деген екен.
Оқи отырыңыз:
Өмірде болған қызықты оқиғалар
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Н. Нұрмаханұлы