"Қошқар мен теке" мультфильмінің 2-ші бөлімі шықты

"Қошқар мен теке" мультфильмінің 2-ші бөлімі шықты

2009 жылы  Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ мен "Сақ Жебе" студиясы бірігіп жасаған жұмақ мекен іздеп қиындыққа тап болған қошқар мен теке жайлы мультфильм қазақ көрерменінің көңілінен шыққаны белгілі. Қазақы болмысқа жақын мультфильмнің жұртшылық жүрегіне жол тартуын ондағы бейнеленген оқиғаның, кейіпкерлердің халқымыздың жүрегіне жақын болуынан деп түсіндіруге болады. Жақында YouTube желісіне аталған мультфильмнің екінші нұсқасы пайда болды. Бейнекөріністің суреттік сапасы жағынан ауыз толтырып айтарлықтай болмаса да, бұл бөлімінің де көрерменге көңілді күлкі сыйлайтынына сенімдіміз.

Қошқар мен текенің иесі жоқ қарап кетіп, кешігеді. Өз иелерін іздеп шыққан қошқар мен теке атаны құтқарып, қораларына аман-есен оралады.

Режиссері: Батырхан Дәуренбеков 
Сценарий авторы: Б. Құлжабеков 
Қоюшы суретшілер: А. Ерназаров 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: скриншот

M. Auelkhan