Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Езутартар / Депутат кәмелеттік жасты 21-ге ауыстыруды ұсынды

Депутат кәмелеттік жасты 21-ге ауыстыруды ұсынды

Депутат кәмелеттік жасты 21-ге ауыстыруды ұсынды

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР, БҰЛ ЖАЗБА 1 СӘУІР КҮЛКІ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАЗЫЛҒАН ӘЗІЛ МАТЕРИАЛ БОЛАТЫН. СОЛ СЕБЕПТІ ЖАЗБАДАҒЫ АҚПАРАТТАРДЫҢ ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙТЫНЫН ЕСКЕРТЕМІЗ.

 

«Адам 21 жасында ғана оң-солын танитындай деңгейге жетеді. Қазір 18 жастан бастап үйленіп, несие алып, жол жүру куәлігіне ие болып, түрлі мәселеге ұрынып жүрген жастар көп», - деді мәжіліс депутаты Ахметбек Тұрсынханов.

Сонымен қатар, 18 жастан кейін шылым мен спирттік ішімдіктерді сатып алуға қолы жеткен бозбалалар зиянды әдетке жастайынан әуес болатындығын айтып, олардың денсаулығына алаңдаушылығын білдірді. Депутат мұндай шақта адам өте еліктегіш келеді, сондықтан оларға толыққанды еркіндік берілмеу тиіс деген пікірде.

Ахметбек Тұрсынханов, ҚР Мәжіліс депутаты:

- Шығыс Азия елдерінде кәмелеттік жасқа 20 жасында толады. Бұл да біраз логикаға сай. Өйткені 20 жастағы адам кішкене болсын үлкен өмірге дайын, өз ойы мен пікірі қалыптасқан адам, ешкімге еліктемей дауыс бере алады, артық ішімдік ішіп, шылым шегуге өзіне тосқауыл қоя алады. Ал Египет, Монако, Сингапур, АҚШ сынды елдерде 21 жаста кәмелеттік жасқа толады. Біз де осындай стандарттарға келуіміз керек.

Депутаттың пікірінше, басты мәселе – жастардың еліктеуге тым бейімділігінде. Адам тезірек есейгісі келіп, үлкендердің әрекеттерін қайталаймын деп түрлі мәселеге ұрынып жатады. Сонымен қатар, елімізде 18 жасқа толған баласын үйінен қуып, үлкен өмірді өз бетіңше баста дейтін ата-аналар да көп екен. Ал 18 жастағы бозбала мен бойжеткен мұндай қиындыққа төзе алмай, қылмыс жасап, өз өміріне балта шабады. Адам тек 21 жасынан бастап өмірге толыққанды бейімделе бастайтын көрінеді.

Сурет: neftegaz.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 01 сәуір 2014, 14:16
Пікірлер
+0
01 сәуір 2014, 14:07

Мен бұған келісе алмаймын. Атам қазақ "он үште отау иесі" деген, кейін 18 болды, енді келіп 21-ге көтермекші ме?

+0
01 сәуір 2014, 14:20

Енді аз уақыт ішінде 40-қа көтерілетін шығар... Шынымен біздің менталитетке сәйкес келмейді ғой...

+0
01 сәуір 2014, 14:28

қой, 40 болмайды, жалпы ойым, жоғары емес, төмен түсіру керек, себебі қазір көп адамдар көлікке правоны да 18-ге толмай жасатады, шетелге шыққысы келеді, жалпы бәрін 18-ден ерте жасап жур

+0
01 сәуір 2014, 14:22

Жауапсыз бола түсетін шығар одан ары, еріккен екен басқа нәрсе жоқтай

+0
01 сәуір 2014, 15:04

Дұрыс емес әрине

+0
03 сәуір 2014, 12:28

18-ге енді жеттікпа дегенде қалай сонда????

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.