Ақылды оқушы

Ақылды оқушы

Бір күні оқытушы математика сабағында бір оқушыны әдейі сынап көру үшін орнынан тұрғызып алып: «Ағаш басында он торғай отыр, мылтықпен бір атса қаншасы қалады?» деп сұрайды.

Оқушы ұстазынан қайта сұрапты:

- Дауыссыз мылтық па?

- Жоқ!

- Оқтың дауысы қаншалық?

- 70-80 децибел көлемінде

- Демек оның дауысы едәуір күшті екен

- Бұл қалада құстарды ату заңға қайшы емес пе?

- Қайшы емес

- Әлгі құстар оқ өтпейтін киім киген бе екен?

- Жоқ.

- Қапасқа қамалып жатқандары бар ма екен?

- Жоқ

- Мүгедек немесе ашығып ұша алмай қалғандары бар ма екен?

- Жоқ

- Жұмыртқадан шықпаған құстар есеп пе?

- Жоқ, есеп емес

Ұстазы қара терге малшынып кетті.

- Құстардың ішінде өлімнен қорықпайтындары бар ма екен?

- Бәрі өлімнен қорқады, балақай!

- Бір тал оқпен екі құсты атып түсіруге рұқсат па?

- Болмайды, болмайды! - мұғалім айғайлап жіберді.

- Егер сіздің сұрауыңыз адамды алдамаса, - депті оқушы үлкен сеніммен, нық сөйлеп, - өлген құс ағашқа асылып қалып, жерге түсе алмай қалса, біреуі қалады. Егер әлгі құс жерге түсіп кетсе біреуі де қалмайды» депті.

Бұл жауапты естіген ұстаздың басы айналып жығылып түсіпті.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: psymanblog.ru

M. Auelkhan