Жұмбақ әңгіме

Жұмбақ әңгіме

Ертеде байлығы жұрттан асқан, алтыны мен күмісінің есеп-қисабы жоқ бір бай өмір сүрген екен. Сол өңірдегі ұрылардың бәрі әлгі байдың үйіне ұрлыққа түседі екен. Түні баласында маза бермеген соң, әлгі бай ел аралап жүріп, қоян-қолтық төбелесте ешкімге дес бермеген, атағы жалпақ елге жайылған бір жігітті түнгі күзетке мол ақымен жұмысқа алыпты. Әлгі жігіттің өнерінің үстем болғаны соншалық, ол күзетте тұр екен деген хабар таралысымен, байдың үйіне ешкім ұрлыққа түсуге батылдық ете алмайтын болыпты. Байдың да көңілі орнығып, алаңсыз өмір сүріпті. Бір күні байекең әлгі жігітті шақырып алып: «Мен ертең алыс сапарға шығамын, үйді жақсы қара, бәрі саған аманат!» депті. Ертесі бай жолға жиналып жатқанда, әлгі жігіт келіп байекеңе: «Мен кеше сұмдық түс көрідм, сіз бұл сапарға шықпай-ақ қойсаңыз қайтеді, сіз мінген кеме опат болып, барлық адам қырылып қалыпты!» дейді жігіт.

Оның қайта-қайта өтінуімен бай бұл сапарын күшінен қалдырыпты. Айтқанындай-ақ, бір күн өтер-өтпестен, өзі отырмақ болған кеме апатқа ұшырап, барлық кісі көз жұмыпты. Сонымен бай бір өлімнен аман қалып, тәубесіне келген екен. Бірақ ертесі байекең әлгі жігітті жұмыстан босатып жіберіпті.

Ойланыңыз, өнері үстем бұл жігіт оның байлығын қорғаумен бірге, оның өмірін де ажалдан сақтап қалды ғой.

Не үшін оны жұмыстан босатты?

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: pic.com

M. Auelkhan