Ет пен сүттің көп мөлшері бүйрекке зиян, тіпті бүйректе тас пайда болуына әкеп соғуы мүмкін. Уролог Гурген Мартиросян Gazeta.Ru басылымына берген сұхбатында мұндай рационның зияны туралы ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер ет және сүт өнімдерінде жануар майы көп екенін жеткізді. Ас қорыту кезінде олар пуриндерге, соның ішінде несеп қышқылына ыдырайды.
Маманның айтуынша, ет пен сүт өнімдерін сұйықтықпен, талшыққа бай өнімдермен бірге тұтынбаса, қауіпті саналады. Уролог ерлерде, сондай-ақ, ішек аурулары бар адамдарда жағымсыз әсердің қаупі жоғары екенін нақтылады.
Алайда Гурген Мартиросян қызыл еттен де, сүттен де толық бас тартпауға шақырды. Оның айтуынша, ет пен сүттің құрамында пайдалы заттар бар, олардың жетіспеушілігі денсаулықтың басқа да маңызды мәселелеріне қауіп төндіреді.
Қауіпті азайту үшін маман рационға мүмкіндігінше көкөніс қосуға және жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішуге кеңес берді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова