Етеккірдің кешігуі: гинеколог мүмкін 3 себебін атады

Етеккірдің кешігуі: гинеколог мүмкін 3 себебін атады
Фото: ru.freepik.com

Етеккір уақытында келмесе, жыныстық қатынасқа түсіп жүрген әйелдің ойына ең бірінші келетін нәрсе - жүктілік. Алайда жүктілікті тексеретін тест теріс нәтиже көрсетсе ше? Акушер-гинеколог Камиль Бахтияров етеккір кешігуінің негізгі үш себебін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Doctorpiter"-ге сілтеме жасап.

Жүктілікті жоспарлап жүрмеген әйел үшін етеккірдің кешігуі - уайымдайтын жағдай. Көпшілік жүктілікті тексеретін тестті сатып алу үшін бірден дәріханаға жүгіреді.

Гинекологтың айтуынша, жүктілікті тексеретін тест теріс нәтиже берсе, алайда етеккір әлі келмесе бұл жағдайда әр әйелмен жеке жұмыс жасау керек. Себебі бұл сұраққа ортақ жауап жоқ.
 
Десе де дәрігер оның мүмкін үш себебін атады:

  1. Сіз жүкті емессіз және жақында етеккіріңіз келеді. Етеккірдің 2-4 күнге кешігуі қалыпты, бұл қандай да бір патология жайлы айтпайды;
  2. Сіз жүкті емессіз, бірақ цикл жаңылысы болды. Егер етеккір 4-5 күнге кешіксе, гинекологқа барып қаралу керек. Кіші жамбас органдарын УДЗ-ға түсіріп, онкоцитологияға және басқа да тексерістерге анализ тапсыру керек;
  3. Сіз жүктісіз, бірақ тестті ерте жасадыңыз. Егер жақында ғана бала көтерген болсаңыз, жүктілікті тексеретін тест теріс нәтиже көрсетуі мүмкін. Егер сізді ештеңе мазаламаса, маман тағы бір апта күтіп, содан соң қайтадан тест жасауды ұсынды. Ол қайтадан теріс нәтиже берсе міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.

Оқи отырыңыз: Қыз балаға етеккір жайлы қашан және қалай айту керек? Психолог кеңесі

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова