- Негізгі бет
- LifeStyle
- Етеккірді ерте түсіктен...
Етеккірді ерте түсіктен қалай ажыратуға болады? Дәрігер түсіндірді
Көпшілік түсік жүктіліктің алғашқы аптасында болады. Әйелдер үзілген жүктілік жайлы білмеуі де мүмкін. Оған қоса, кейде қан шамамен етеккір басталатын уақытта ағады. Алайда бұл екі жағдайды ажырата білу маңызды. Оны гинеколог Эльвира Семенова Parents.ru сайтына түсіндіріп берді.
Дәрігер түсік жайлы айтпас бұрын, ұрықталу процесін түсіндіріп кетті.
"Алдымен ұрықталудың қалай болатынын еске түсіріп кетейін: анабезден шыққан аналық жасуша сперматозоидпен кездеседі, содан соң эмбрион түзіледі. Бұл процесс құрсақ қуысында, жатыр түтігінде немесе жатыр қуысында болады. Әрі қарай эмбрион жатыр түтігінің жиырылу әсерінен жатыр қуысына жылжиды және қолайлы жағдайда эндометрияға - жатырдың ішкі қабығына енгізіледі", - деді гинеколог.
Дәрігердің айтуынша, жүктіліктің ерте тоқтауы мына репродуктивті сәтсіздіктер себебінен болуы мүмкін:
- Ұрықтанған эмбрион эндометрияға уақытында енгізілмеген. Бұл жағдайда етеккір уақытында келеді және қалыптыдан еш айырмашылығы болмайды;
- Ұрықтанған эмбрион енді, бірақ ол қабылданбады. Бұл жағдайда анализ тапсырған кезде адамның хорионды гонадотропин деңгейі (ХГЧ) аздап көтерілген болуы мүмкін. Етеккір қан жоғалту көлемі бойынша қалыптыдан айырмашылығы болмауы мүмкін, бірақ бірнеше күн кешігіп келеді;
- Эмбрион енді, бірақ өліп, өздігінен қабыршақтанған. Бұл кезде ХГЧ деңгейі жоғары болады. Тіпті, УЗИ-ден дамып жатқан эмбрион көрінуі мүмкін. Бұл жағдайда етеккір көп және ұзақ келеді және ол қатты кешігіп келуі мүмкін.
Ерте түсіктен соң келесі жүктілікті қашан жоспарлауға болады?
Заманауи медицинада өздігінен болған түсіктен кейін қосымша араласу әдістері қажет етілмейді: жатыр қуысын қырып тазалау, вакуум-аспирация және т.б. Жүктіліктің ерте мерзімінде бір рет тоқтауының себебі белгісіз және оның анықтаудың қажеті жоқ. Яғни, келесі жүктілікті бір айдан кейін жоспарлауға рұқсат етіледі. Алайда жүктіліктің ерте тоқтауы қайталанса, дәрігерге қаралып, бұл патологияның себебін анықтау қажет.
А. Жапатова