Асаба, әзілкеш, Колобок лақап атымен танылған Елдос Кәдірханов "Харекет" қайырымдылық қорының атынан көп балалы анаға баспананың кілтін тарту етті , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әзілкеш 8 балалы Райхан есімді ананың баспаналы болуына көмектескен барша қазақ еліне алғысын білдірді.
"Ет жемейміз деп едіңіз ғой, сол сөзіңіз ойымнан кетпей қойды. Сонымен не істерімізді білмей, ет алып келгенбіз. Мына еттің бәрі сіздерге. Бұдан кейін ет жемейміз деген нәрсені айтпаңыз. Бала-шағаңызға беріңіз. Әдейі қойдың етін де, жылқының етін де, сиырдың етін де алып келдік. Сосын күннің ыстығында етті қайда қоямын деген әңгіме болмасын деп тоңазытқыш алып келдік. Осының ішіне жаңағы тәтті, балмұздақ, етті сақтап қойсаңыз болады. Бұл біздің отбасымыздың атынан сіздің отбасыңызға. Бірақ бұл тоңазытқыштың далада тұрғаны болмайды, сізде асүй жоқ. Оны қайда қоямын деп уайымдамасын деп арнайы "Харекет" қайырымдылық қорының атынан 1172 баспананы табыстаймыз", - деді видеода Елдос Кәдірханов.
Көп балалы ана "мен мұндай үй аламын" деп ойламадым деп жылап жіберді.
Әзілкеш сондай-ақ өз отбасының атынан көп балалы ананың несиесін жауып беретінін айтты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз