- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Есіме түссе, қалтыраймын"....
"Есіме түссе, қалтыраймын". Азамат Сатыбалды Абайдың рөлін ойнағаны үшін қынжылатынын мойындады
Тележүргізуші, кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды "Уақыт көрсетеді" жобасына берген сұхбатында Абай Құнанбаевтың рөлін ойнағаны үшін қынжылатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол Абайдың рөлін тым жас кезінде ойнағанына көңілі түседі.
"Мен М.Әуезов театрында Абай рөлін ойнағаным үшін әлі де қынжыламын. Кейде бір рөлдер болады, адамға бір мініс бергізбейді, ал кейбір рөлдер адамға ерте келіп қояды, уақытынан бұрын. Мен Абайды 30 жасымда ойнадым. 30 жастағы албырт бала қалай Абайдың философиясын жеткізеді? Тұлғаны? Қалай өзіңе сіңіріп, қорытып, оны көрерменге жеткізесің? Өте қиын ғой. Мен енді Есмұхан Обаевқа қарсы келе алмадым, ол менің өнердегі әкем болды. Мүмкін ол мені сындырғысы келді, Абаймен сынағысы келді, өсіргісі келді, мен ол кісіге ешқандай қарсылық білдіре алмаймын. Мен ол кісінің ішінде не жатқанын білмеймін. Өзінің бір мақсаты бар шығар деп ойлаймын. Енді, сол Абай рөлін ойнау мен үшін өте ауыр болды, қиынға соқты. Әлі күнге дейін жүрегім ауырады, әлі күнге дейін есіме түссе, қалтырап кетемін. Алайда ол рөлді қазір берсе, мүлде басқаша ойнар едім. Мен қазір басқа жастамын. Өмір көрдім, тепкі көрдім, ел, ұжым басқарып көрдім", -
Тағы да оқи отырыңыздар: 1 маусым – Балаларды қорғау күніне құттықтау-тілектер
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә