- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Ескімен қоштасамын". Алтынай...
"Ескімен қоштасамын". Алтынай Жорабаева оқырмандарына күйеуінің сыйлығын көрсетті
Танымал әнші Алтынай Жорабаева Желідегі парақшасында күйеуінің 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне сыйлығын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің жолдасы мереке қарсаңында әнші күнделікті жұмысына қолданатын планшетін ауыстырып берген.
"Менің әндерім жазылып тұратын, ән кеші мен тойға алып жүретін кіші планшетімді Әлішер ауыстырып жатыр. 8 наурызға халықаралық әйелдер күніне сыйлығы. Енді ескімен қоштасамын. Жыл сайын жаңарту біздің дәстүрге айналған. Оны сөкпеңіздер, "жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" демекші. Құлаққаппен ән тыңдамаушы едім, бірақ мұны да аламыз", - деді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін "Жылына екі рет бриллиант". Әнші Алтынай Жорабаева оқырмандарына қымбат сыйлықтарын көрсеткені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза – 2024. Айт күндері ораза ұстауға бола ма?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә