Есік көліне бару үшін ақша алу заңды ма? Бұл сауалға Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдік мәліметінше, Есік көліне кіреберістегі заңсыз шлагбаумдар алып тасталған.
"Хабель" ЖШС-мен жасалған сенімгерлік басқару шартына сәйкес туристерден ақша алу қарастырылмаған. Басқарушының мұндай әрекеттері оның өкілеттігінен тыс жасалып отыр әрі шарт талаптарын бұзады. Тек Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында заңнамаға сәйкес көліктерден төлемақы алынады", - деп жазылған хабарламада.
Облыс әкімдігі "Хабель" ЖШС-ға заңсыз төлемақыны тоқтату және орнатылған шлагбаумдарды алып тастау туралы хабарлама жолдаған. 17 тамыздан бастап Есік көліне кіреберістегі шлагбаумдар алынған.
Айта кетейік, бұған дейін желіде Есік маңында ақша алынатыны туралы ақпарат тарады:
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!