- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Ешнәрсе ұнамайды". Айналасына...
"Ешнәрсе ұнамайды". Айналасына жиі шағымданатын адаммен қалай байланысқан дұрыс?
Шағым — біздің өміріміздің бір бөлігі. Бәріміз шағым айтамыз. Өйткені өкпе-ренішті, кейде ішкі негативті сезімдерді іште сақтауға болмайды. Алайда, біреу үнемі шағымданып, өз мәселелерін шешу үшін ешқашан әрекет жасамайтін адамдар болады. Әдетте олар өзгенің энергиясынан қуат алады. Бітпейтін шағымымен өзгені шаршатып жібереді. Бүгін ондай адамдармен қалай қарым-қатынас құруға болатынын айтамыз.
Бірінші. Досыңыздың, серігіңіздің бұлай жиі шағымдануына не себеп болатынын анықтауға тырысыңыз. Оған дейін не болып жатқанын және қандай проблемаларға тап болғанын сұрап көріңіз. Бұл оған өз мәселелерін түсінуге және оларды шешудің жолдарын іздеуге көмектеседі. Егер бұлан ештеңе шықпаса, жай ғана тыңдаңыз. Артық сұрақ қойып, қызығушылық танытпау шағымдануға деген құлшынысты азайтуға көмектеседі.
Екінші. Бұл адаммен өткізетін уақытты азайтыңыз. Мысалы, онымен тек сирек немесе тек үлкен компанияда уақыт өткізе аласыз.
Үшіншіден. Барлық мәселені ашық айтыңыз. Оған оның шағымдарын тыңдау сізді де уайымға салатанын және егер ол өз мәселелерін шешу үшін әрекет етуге дайын болмаса, оған көмектесе алмайтыныңызды айтыңыз.
Егер бұл кеңестер іске аспаса ол адаммен байланыс үзгеніңіз абзал.
Т. Есқали