Айсауле Бақытбек қызының есімін "Сәтті" деп қойғандарын айтты. Бұл жайлы ол өзінің инстаграм парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық продюсер, актриса Баян Алагөзованың қызы Айсауле Бақытбек осы жылдың шілде айында екінші рет ана атанған болатын.
Айсауле Бақытбек қызына қандай есім бергенін ерекше видеомен хабарлады.
"Қазақша ат болғанына қуандым", "Сәттінің өмірінде сәттіліктер көп болсын", "Өте ерекше есім", "Әдемі есім, ешкімде жоқ", - деп пікір қалдырған әлеуметтік желі қолданушылары.
Еске салайық, Айсауле Бақытбек 2022 жылы Сафия есімді қызын дүниеге әкелген болатын.