Танымал әнші Бейбіт Қорған Желіде шу тудырған қауесетке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Жақсы адамдарым" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті.
"Айтылатын әңгіме ешқашан қалыспайды ғой. Адам алға баса берген сайын әңгіме көп болады. Ондайға негізі көп көңіл бөлмеймін. Бірақ өсіп келе жатқан қызым отыр, ұлым бар. Бұларға қатты тие ме, жоқ па деп ойламайтын заман болды ғой қазір. Мені тек тура жолда жүрген әкесіндей көріп өссе жеткілікті", - дейді ол.
Бағдарлама жүргізушісі Қыдырәлі Болманов Бейбіт Қорғанға қатысты кейінгі шуды еске алды.
"Өмірде ешкім пәк емес, періште емес. Әр адамның баспалдағы шығар. Мұның бәрі - Алланың сынағы, өтеді де кетеді", - деп қорытындылады өнер иесі.
Еске салайық, бұған дейін атыраулық Нұргүл Зиханова 5 жыл бұрын Бейбіт Қорғанмен көңіл жарастырғанын айтқан еді. Оның сөзінше, 4 жасар баласы - әншінің ұлы.
"Әкесі ретінде 100 пайыз қабылдаған адам - Бейбіт Қорған. Ол мойындамаса да, дәлелденсе, балаға жауапкершілікті алсын деймін. Маған одан ештеңе керек емес", - дейді ол.
Кейін өнер иесі ДНҚ тапсырды. Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі Дина Төлепберген айтты.
"Астарлы ақиқатты" жүргізуді тоқтатсам да, бұл мәселе тұрақты бақылауымда. ДНҚ алу үшін ақыры оны сотқа сүйредік. Оның қан тапсыруға қалай келгенін көрсеңіз, шошисыз. Құдды бір отадан шыққан Майкл Джексондай, "Маска" шоуы маңырап қалады. Ауыр диагноздағы бала жайлы бірдеңе айтар ма деп едік, ләм-мимсіз ұзатылып жатқандай артына қайырылмай кетті. Бізден қашса да, ақыры Атырауда заң аясында Бейбіт Қорған өз қанын тапсырды", - деді ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Сарматтардың шаруашылығы туралы қандай еңбекте айтылған? Сарматтар мал өсіруден басқа немен айналысты?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!