- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Ешқашан "ене" деп...
"Ешқашан "ене" деп көрмегенмін". Танымал әнші шаңырақ көтергендеріне 24 жыл болғанын айтты
Дуэт ретінде танымал жұп Мирас пен Құралай шаңырақ көтергендеріне 24 жыл болғанын айтып, желіде жантебірентер жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құралай Бекжанова керемет шаңыраққа келін болып түскенін айтып, екінші анасын ешқашан "ене" деп атамағанын жазды.
"Аллама шексіз шүкір етемін. Кеше ғана шаңырақ көтерген сияқты едік, 24 жыл қалай зымырап өте шыққанын байқамай да қалдым. Қазақта "Ер жігіттің аты жақсы болса бір бақыт, алған жары жақсы болса мың бақыт" деген бар… Сол себептен қолымнан келгенше осы уақытқа дейін артымнан жаман сөз естіртпей, абыройлы келін болуға тырысып келе жатырмын… Мені өсіріп, тәрбиелеп, оқытып, тоқытқан ата-анама мың алғыс. Олар қазіргі таңда ортамызда болғанда, менімен мақтанар еді деп ойлаймын. Осындай керемет отбасыға келін болып түскеніме бірінші Аллаға, сосын мамамызға алғысымды айтамын. Осылай жарқырап, жайнап, Мирас пен Құралай болып жүргеніміз, мамау, сіздің арқаңыз. Осы уақытқа дейін мамамды ешқашан "ене" деп айтып көрмегенмін. "Қарты бар үйдің, қазынасы бар!" дейді. Мама, ғұмырыңыз ұзақ болсын, балаларыңыз бен немерелеріңіздің қуанышы мен жетістіктерін көре беріңіз", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары өнерлі отбасына ізгі лебізін білдірді.
"Жарқырап тұрсыздар", "Мүлдем өзгермегенсіздер, әдемі қалыптарыңыздасыздар. Бақытты ата-әже болыңыздар", "Бақытты болыныз, ұзақ ғұмыр тілеймін", "Өте керемет жұп!!! Тәрбие, өнеге алам десеңіздер осы кісілерге қараңыздар", "Алла тағала ұрпақтарыңыздың жақсылығын көріп, бірге қартаюларыңызды жазсын. Үлгілі жанұя", "Әдемі жұп. Ақ жарқын жақсы кісілер", - дейді олар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова