Танымал әнші, "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде жақсы жаңалығын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің тұңғыш ұлы 26 жасқа толып жатыр екен. Осыған орай әнші әлеуметтік желіде баласының суретін жариялап, тілек жазды.
"Алла ұлық! Бүгін әжесінің ақылдысы, тұла бойы тұңғышымыз Әділет Сәкенұлы 26 жасқа толды! АллаТағаланың мейіріміне бөленген сүйікті құлы, пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың сансыз салауаты болсын!) лайықты үмметі, елімізге пайдасы тиетін қазақ халқының адал перзенті, әулетіміздің зүриятын өрбітер салиқалы ұрпағы бол, құлыным. Ол үшін не істеу керек? Ертерек үйлену керек", - деп құттықтады ұлын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!