- Негізгі бет
- LifeStyle
- Ерінге қарап білуге...
Ерінге қарап білуге болатын денсаулыққа қатысты 4 проблема
Суықтың келуімен көптеген адамның ерні жарылады. Алайда кейде жарылған немесе құрғақ ерін денсаулыққа қатысты проблеманы білдіруі мүмкін.
Ерін жас ұлғая өзгереді: жұқа бола түседі және түсі өзгереді. Мұндай өзгерістердің қаупі жоқ, бірақ төмендегі мына 4 белгі дәрігерге қаралуға себеп:
Ауыз қуысында жаралар
Көптеген адамның аузына жара шығуы мүмкін. Алайда ол өздігінен 2-3 аптада кетуі керек. Егер ұзақ уақыт бойы кетпесе, бұл дәрігерге қаралуға себеп. Себебі ұзақ уақыт бойы жазылмайтын жаралар АИТВ (ВИЧ), тіс еті аурулары немесе қатерлі ісік белгісі болуы мүмкін.
Еріндегі жырық
Әдетте еріндегі жырықтың еш қаупі жоқ. Алайда кей жағдайда еріндегі жырық пен қабыршақтану пневмонияны көрсетеді. Әдетте пневмония басқа аурудың, мысалы, тұмаудың салдарынан пайда болуы мүмкін. Пневмония кезінде науқас сусызданумен қиналады, бұл ерінде жырық пайда болуына және оның құрғауына әкеледі.
Еріндегі жазылмайтын жара
Еріндегі жара кішкентай даққа ұқсауы мүмкін. Ол ерін қатерлі ісігінің белгісі болуы мүмкін. Ол ерін терісінде, жиі астыңғы ерінде пайда болады. Әдетте, ерін қатерлі ісіктері емделеді. Оның пайда болуына темекі тарту мен күннің астында көп болу ықпал етуі мүмкін.
Ерін ұштарының қиылуы
Егер ерніңіздің ұштары қиылып қалса, бұл тітіркенген ішек синдромын білдіруі мүмкін. Ол сондай-ақ ағзаға дәрумендер жетіспеушілігінен де пайда болуы мүмкін.
Дәрігерге қаралу керегін білдіретін тырнақтағы 8 белгі
А. Жапатова